«Мен сені сүйемін, өмір!» тренинг

02.10.2026

2026 жылдыің 29 қыркүйегінде «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК психологі Марина Павловна Пакошева «Мен сені сүйемін, өмір!» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг қиын жағдайларды жеңе білу дағдыларын дамытуға, қолдау сұрауға дайын болуға бағытталған. Сабақ барысында қатысушыларға өздерінің мықты жақтарын түсінуге, өзін-өзі бағалауын арттыруға және қолдау көрсету мен ізгі қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға көмектескен жаттығулар мен талқылаулар қолданылды.

Тренинг жылы әрі достық атмосферада, өзара сенім жағдайында өтті. Студенттер күнделікті оқу үдерісінен аз уақытқа сергіп қана қоймай, өзін-өзі бағалауды арттыруға және адамдармен ізгі қарым-қатынас орнатуға көмектесетін практикалық дағдыларға ие болды.

Іс-шара соңында психолог Марина Павловна студенттерге: «Егер сізге қолдау қажет болса немесе өз ойларыңызбен бөліскіңіз келсе, менің кабинетімнің есігі әрдайым ашық», – деп атап айтты.



Текст
Виртуальная приемная